Қазақстан мектептеріне француз тілі сабағы қайта оралуы үшін бар күшімізді саламыз – Макрон
Франция президенті Эммануэль Макрон Қазақстан мектептерінде француз тілін қайта оқытуды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Макрон қазақстандық мектептерде француз тілін оқытудың маңыздылығын мәлімдеді.
"Әрине, мәдени байланыстардың көбірек болғанын қалаймын. Біз қарым-қатынасымыздың одан әрі дамығанын қалаймыз. Француз тілін қазақ мектептерінде қайта оқыту үшін бар күшімізді салуға дайынбыз. Мен білім беру ұйымдары арасында қол қойылған үкіметаралық келісімге үлкен үміт артамын", – деді Франция президенті.
Макрон Франко-Қазақстан университеті 2024 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейтінін айтты.
Франция президенті Эммануэль Макрон Астанаға ресми сапармен келген еді.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"