Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Франция Мұхтар Әблязовке саяси баспана беруден бас тартты

Франция Мұхтар Әблязовке саяси баспана беруден бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Францияның баспана жөніндегі ұлттық соты (CNDA) мәлімдеді.

Мұхтар Әбілязовтың адвокаттары Пикуа мен Кәрім Бейлуни Францияның босқындар мен азаматтығы жоқ адамдарды қорғау басқармасының (OFPRA) 2018 жылғы саяси босқын мәртебесін беруден бас тарту туралы шешіміне шағымданған болатын. Франция апелляциялық шағымды қанағаттандырмады.



Бұған дейін Франциядағы босқындар соты Мұхтар Әбілязовтың ісін қарауға дайындалып жатқанын хабарлаған. 

Еске салайық, Әблязов Қазақстандағы БТА банктен 7 миллиард долларға жуық ақша жымқырғаны үшін сырттай 20 жылға бас бостандығынан айырылды, ал 2018 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін өмір бойына бас бостандығы шектелген.

2012 жылдың ақпанында Англияның Жоғарғы соты Мұхтар Әблязовті қамауға алу туралы шешім шығарған. Мемлекеттік мекеменің хабарлауынша, ол бірнеше рет жалған айғақ беріп, сотқа жалған құжаттарды ұсынған.

Әблязовқа Ресей мен Украина да қаржы жымқырды деген күдікпен іздеу жариялады. Бұған дейін экс-банкирдің Францияда сот бақылауында екені белгілі болған.

Талқылау