Фонограммамен ән айтатын әншілерді шектейтін заң қолданысқа енбек
Фонограммамен ән айтатын әншілерді шектейтін заң қолданысқа енбек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюроға" сілтеме жасап.

Соңғы жылдары елімізде фонограммамен ән айтып, халықтың ықыласына бөленіп жүрген өнер адамдарының қатары көбейген. Мәдениет министрлігі бұл үрдіске нүкте қоймақ. Жақын арада әншілердің фонограммамен ән айтуын шектейтін заң қолданысқа енгізілуі мүмкін.
Мұндай бастаманы бірқатар өнер жанашыры көтеріп, кейін қоғамның қолдауына ие болған. Осыған орай, жанды дауыспен ән салып, халықаралық ән байқауларынан жүлдемен оралған жас әншілерді қабылдаған мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова заңға осындай өзгеріс ұсынып отырғандарын айтып берді.
"Фоннаграмманың әртүрлісі болады. Біздің министрліктің көзқарасы бойынша өнер таза болуы керек. Және эстрадада ән жанды дауыспен айтылуы қажет", - дейді Ақтоты Райымқұлова.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген