Филиппиндегі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 37-ге жетті
Филиппиннің Минданао аралының жағалауында болған 7,8 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 37-ге жетті. Билік ең қатты зардап шеккен аудандарда іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Филиппин азаматтық қорғаныс басқармасының мәліметі бойынша, қаза тапқандардың көбі құлаған ғимараттар мен қирандылар астында қалып, жарақат алған. Тағы 456 адам жарақат алды, ал төртеуі әлі күнге дейін із-түзсіз жоғалып кеткен.
Жер сілкінісі Саранггани провинциясы мен Генерал-Сантос қаласына ең қатты әсер етті. Қазір құтқару және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі бөлігі сол жерде шоғырланған.
Жер сілкінісінен 77 000-нан астам тұрғын зардап шекті. Көп адамдар жер сілкінісінің қайталануынан қорқып, далада қалды.
Билік апаттың әсерін бағалап, баспанасыз қалғандар үшін уақытша лагерьлер құру мүмкіндігін қарастырды.
Еске салсақ, Филиппинде магнитудасы 7,8 болатын жойқын жер сілкінісі болды.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"
