Филиппинде магнитудасы 7,8 болатын жойқын жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар (видео)

Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аймағында магнитудасы 7,8 қуатты жер сілкінісі болып, 32 адам қаза тапты. Әлеуметтік желіде жер асты дүмпуінің салдары жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жер сілкінісінің ошағы Минданао аралының ең оңтүстігіндегі Сарангани провинциясына қарасты Генерал-Сантос қаласының жағалауында орналасқан.
Цунами қаупіне байланысты ескерту жарияланып, жағалау маңындағы аудандардың тұрғындарына эвакуациялану туралы үндеу жасалды. Көршілес Индонезия мен Жапонияда да цунами туралы ескерту жарияланды.
Генерал-Сантос қаласында да нысандар қираған.
Филиппин президенті Фердинанд Ромуальдес Маркос барлық тиісті мемлекеттік органдарға тұрғындарды эвакуациялау және құтқару жұмыстарын дереу бастау жөнінде тапсырма берген.
"Цунами туралы ескертуге құлақ асыңыздар. Дереу биік жерлерге шығыңыздар. Күтпеңіздер. Артта қалдыратын кез келген дүниеден сіздердің өмірлеріңіз маңызды", – деп үндеу жасады Фердинанд Ромуальдес Маркос.
Полицияның мәліметінше, күшті жер сілкінісі салдарынан кемінде 32 адам қаза тапты, 100-ден астам адам жарақат алған. Сондай-ақ полиция кейбір тұрғындардың қатты қорыққаннан есінен танып қалғанын хабарлады. Ал кейбіреуі із-түссіз жоғалып кеткен.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды