Филиппинде пияз валютаға айналды
Филиппинде пияз тапшы болғандықтан, дүкендерде оны тауарға айырбастауға болады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Филиппиндік дүкендердің бірі тұтынушыларға пиязды тауарға айырбастауға мүмкіндік берді. Бір пиязды айырбастаған кезде тауарлардың құны 88 песодан (734 теңге) аспауы керек.
Үш пияздан артық айырбастауға тыйым салынды. Акция бір күнге созылады.
Филиппинде пияз тапшылығы орын алып, бағасы өсті. Ауа райы нашар болғандықтан, егін дұрыс шықпаған. Сонымен қатар инфляцияның өсуі де бағаға әсер етті. Нәтижесінде бір килограмм пияз ет бағасынан асып кетті.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады