Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Фашизммен күрестім": 5 адамды атып өлтірген Дужнов Донбасстағы соғысқа қатысқанын растады

Алматыдағы Ақбұлақ ықшам ауданында 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужнов 2014 жылы Донбасстағы соғысқа қатысқанын мойындады. Сөзінше, оның Украинаға баратынын ешкім білмеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі KazTAG басылымына сілтеме жасап. 

Дужнов

Игорь Дужнов шекараны заңсыз кесіп өтпек болғанын мойындады. Алайда соңғы сәтте бұл ойынан айнып қалған. 

"Мен әйеліме жазба қалдырдым. Донбассқа кететінім туралы ешкімге ескерткен жоқпын", –  деді ол сот барысында. 

Сонымен қатар Дужнов өзінің жасақ құрамына қалай қабылданғанын да айтып берді. 



"Сол күні соғыс алаңынан келгендермен таныстым. Краснодон қаласының түбінде танк, ұшақ және артиллерия жүйесі қолданылған атыс жүріп жатты. Сол кезде жасақтардың бірінде қызмет еткен Новосибирск қаласынан келген ерікті мерт болды. Мені жасаққа және азық-түлік жабдықталымына қабылдады", – деп түсіндірді Дужнов. 

Дужнов Донбасста "фашизммен күрескенін" айтады. Өз "борышын" атқарған соң елге қайтып оралған. Сонымен қатар ол Украинада өзіне "жоғары лауазымды ұсынғанын" да жасырмады. 

Айта кетейік, Игорь Дужнов 2021 жылы 20 қыркүйекте Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданында 5 адамды атып өлтірген еді. Кейін 54 жастағы ер адамның қолынан сот үкімін орындауға келген қызметкерлердің ажал құшқаны анықталды. 

Талқылау