Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропалық комиссия балалардың әлеуметтік желіге кіруін шектемек

Еурокомиссия балалар телефон
Фото: magnific.com

Еуропоалық комиссия жаздан кейін балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеу туралы ұсынысты ресми түрде таныстырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйеннің сөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатқа нақты қандай талаптар енгізілетіні әзірге нақтыланбаған.

"Балаларымыз шынайы өмірде көбірек уақыт өткізу қажет. Оларға ойнауға, достар табуға, қателесуге мүмкіндік берілу керек. Алгоритм олардың орнына тұлғасын қалыптастырмай тұрып, өз болмысын қалыптастыруға уақыт қажет", – деді Урсула фон дер Ляйен.

Оның айтуынша, мәселе балалардың әлеуметтік желілерге кіре алуында емес, керісінше әлеуметтік желі платформаларының балаларға қай жастан бастап қол жеткізетініне қатысты.

13 шілдеде Урсула фон дер Ляйен кәмелетке толмағандардың интернеттегі қауіпсіздігі жөніндегі арнайы сарапшылар тобының қорытынды есебін алды. Сарапшылар Еуроодақта әлеуметтік желілер мен басқа да цифрлық сервистерге 13 жасқа толмаған балалардың қолжетімділігін шектеуді ұсынды. Бұл шектеу платформа иелері өз қызметтерінің балалар үшін қауіпсіз екенін дәлелдегенге дейін сақталуы тиіс.

Сонымен қатар Еуроодақ елдеріне 13 жастан асқан жасөспірімдерге де қосымша жас шектеулерін енгізуге рұқсат беру ұсынылды. Сарапшылар тобының ұсынымдары болашақта әзірленетін жаңа ережелерді дайындау кезінде ескерілмек.

Мамыр айында Урсула фон дер Ляйен әлеуметтік желілерді пайдаланудың ең төменгі жасына қатысты мәселені енді назардан тыс қалдыруға болмайтынын мәлімдеген еді. Еуроодақ барлық мүше елдерге ортақ бірыңғай ережелер әзірлеуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін Грекия 2027 жылдан бастап 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салатыны туралы жазған едік. Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотакистың айтуынша, мұны жасөспірімдер арасындағы мазасыздықтың артуына, ұйқы проблемаларына және әлеуметтік желілерге тәуелділікке байланысты жасаған.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 14 Шілде, 2026 09:18