"Еуропалық Одаққа қосылуына көмектесу керек": Тоқаев Украинаға қатысты сауалға жауап берді
Санкт-Петербург экономикалық форумында Тоқаевтан Ресейдің Украинадағы "арнайы операциясы" туралы не ойлайтыны және қазақстандықтардың бұл туралы пікірі сұралды. Президент әртүрлі пікірлер бар екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасының Президенті Ресейдің Украинадағы әскери операциясына қазақстандықтардың көзқарасы туралы да айтты
“Қазір БҰҰ-ның екі қағидасы – мемлекеттің тұтастығы мен ұлттың өзін-өзі билеу құқығы қайшылыққа түсті. Бұл қағидалар бір-біріне қайшы келе салысымен әртүрлі түсіндірмелер пайда болады. Ұлттың өзін-өзі билеу құқығы жүзеге аса берсе, жер бетінде 500-ден астам мемлекет пайда болып, хаос болар еді. Осы себепті біз Тайваньды да, Косовоны да, Оңтүстік Осетияны да, Абхазияны да мойындамаймыз. Бұл принцип, біздің ойымызша, Луганск және Донецк квазимемлекеттік бірлестіктеріне де қолданылады", – деді мемлекет басшысы.
Симонян сонымен қатар Тоқаевтан Қазақстанның Украинаның ЕО-ға кіруіне қатысты көзқарасын сұрады.
“Украинаның Еуропалық Одаққа қосылуынан ЕАЭО-ға зиян тиюі екіталай. Бірақ мен олардың Еуропалық Одаққа кіруін елестете алмаймын. Өйткені қатаң талаптары бар. Ал Украина экономикасы қазір мүшкіл халде. Бұл елде болып жатқан жағдай қайғылы көріністермен сипатталуда. Кезінде Украина дамыған республика, КСРО-ның астық қоймасын, Кремльді кадрлармен қамтамасыз етуші болды. Қазір бұрынғы кеңестік көшбасшылардың барлығы Украинадан кетті. Бұны бәріміз жақсы білеміз. Уақыт өзгереді. Еуропалық Одаққа кіру туралы сұрағыңызға қайта оралсақ, егер мұндай шешім қабылданса, онда Украинаның қосылуына көмектесу керек. Бұл – экономикалық одақ. Егер олар өз қатарларында Украинаның болуы мүмкін деп есептесе, онда әрине бұны шынайы қабылдау керек", – деп бөлісті президент.