AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Путиннің жанында отырып, Луганск пен Донецк тәуелсіздігін мойындамайтынын айтты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумында Луганск пен Донецкке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

токаев саммит 2022

"Турасын айтайын, бұл мәселеге қатысты түрлі пікір бар. Қоғамымыз ашық, азаматтық қоғамның толысқаны анық байқалады. Сондықтан түрлі пікірлер айтылады. Дегенмен келесіні атап өткім келеді: қазіргі заманғы құқық – бұл БҰҰ Жарғысы. Бірақ БҰҰ-ның екі ұстанымы бір-біріне қарама-қайшы келеді – бұл мемлекеттің тұтастығы және ұлттың өз таңдауын жасауға құқығы. Егер солай болса, бұл ұстанымдар бір-біріне қарама-қайшы, түрлі түсіндірме бар", – деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның негізін қалаушылар осы мәселені кезінде ескермеуі, не болмаса ымыра ретінде әдейі енгізуі мүмкін екендігін атап өтті.



"Екі ұстаным бір-біріне қарама қайшы келеді. Егер солай болса, бұл ұстанымдар бір-біріне қарама-қайшы, түрлі түсіндірмесі бар. Біреулер "мемлекеттің аумақтық тұтастығы – бұл мызғымайды" дейді. Өзгелері, белгілі бір мемлекеттің құрамындағы кез келген халық өзінің мемлекеті болуға құқылы және өз мемлекетін құра алады әрі қалауымен одан бөлектене алады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президентінің атап өтуінше, егер ұлттарға таңдау құқығы берілсе, онда жер шарында 193 мемлекеттің орнына 500-600 мемлекет құрылар еді.

"Осы себепті біз Тайваньді, Косовоны, Оңтүстік Осетияны және Абхазияны да мойындамаймыз. Біз бұл принципті сонымен қоса Луганск және Донецк квазимемлекеттік бірлестіктеріне қатысты қолданамыз", –  деді мемлекет басшысы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр