Еуропада да TikTok желісіне тыйым салу ұсынылды
АҚШ-та TikTok жұмысын тоқтатқаннан кейін Еуропа елдері де аталмыш желіге тыйым салу идеясын көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pexels.com
Эстония сыртқы істер министрі Маргус Цахкна АҚШ-тан үлгі алып, TikTok-қа тыйымды Еуропада да қарастыру керегін айтты.
Мұны Эстония шенеунігі X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жазды.
"Кейінгі жылдары біз TikTok-тың жалған ақпарат таратып, сайлау кезінде манипуляциялау алаңына айналатынын көрдік. Оның үстіне ауқымды деректер жинауы қауіпсіздікке үлкен нұқсан екені белгілі. Еуропада да TikTok-қа тыйым салуды қарастырған жөн", – деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-та TikTok желісіне тыйым салынғаны айтылды.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді