Еуропада аптап ыстықтан 10 мыңнан астам адам қайтыс болды

Маусымның соңында Еуропадағы қатты аптап ыстықтан 10 000-нан астам адам қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осы кезеңде ыстыққа байланысты өлімнің басым көпшілігі 65 жастан асқан адамдар арасында болды. Қалыптан тыс жоғары температура жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жолдарының ауруларын күшейтуі мүмкін, бұл егде жастағы адамдар үшін қауіпті.
EuroMOMO зерттеуінің авторлары 27 еуропалық елдің ұлттық статистикасын қорытындылады. Жоба жеке елдер бойынша деректер бермесе де, олар маусымның соңғы аптасында "өте жоғары өлім деңгейі" Франция мен Бельгияда тіркелгенін атап өтті.
Германияның Роберт Кох институтының (RKI) мәліметтері бойынша, маусым айының соңына дейін Германияда қатты ыстықтан шамамен 5100 адам қайтыс болды, оның 4310-ы тек 22-28 маусым аралығындағы ерекше ыстық аптада болды. 75 жастан асқан адамдар ыстыққа байланысты өлімнің 80%-на тең.
Сонымен қатар ерлерге қарағанда әйелдер көп қайтыс болды. Дегенмен мұны егде жастағы әйелдердің үлесінің жоғары болуымен түсіндіруге болады.
Ұлыбританияға бағытталған тағы бір зерттеуді Лондонның Императорлық колледжі, Мет кеңсесі және Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебі бірлесіп жүргізді. Олардың мәліметтері бойынша, маусым айының соңында тек Англия мен Уэльсте шамамен 2700 адам қатты ыстықтан қайтыс болды.
Сол зерттеу тобы аптап ыстық толқыны Еуропаның 12 ірі қаласында шамамен 2300 адамның өмірін қиғанын есептеді. Ыстыққа байланысты өлімнің ең көп саны Миланда, Парижде және Барселонада тіркелді.
Еске салсақ, Францияда да аптап ыстыққа байланысты адамдар қайтыс болып, тіпті далада ішімдік ішуге тыйым салынды.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді