Францияда аптап ыстыққа байланысты далада ішімдік ішуге тыйым салынды

Францияда қатты ыстыққа байланысты далада алкогольді өнім тұтынуға тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құтқару және медицина қызметкерлері ең осал топтарды қорғау үшін шара қабылдап жатыр.
Сонымен қатар Парижде саябақтар мен бақтар тұрғындар мен туристер үшін түні бойы ашық тұр. Әдетте олар жабық болатын.
ОқыңызПариж үшін ғана емес, Францияның 30-дан астам басқа қаласы үшін ауа райы туралы ескерту жарияланды. Аптап ыстық басылмай жатқандықтан, алдағы күндері қосымша шектеулер енгізілуі мүмкін.
Апта басынан бері жалғасып келе жатқан аптап ыстық ондаған пойыздар мен мектептердің тоқтатылуына әкелді. Ауа райы қызметі маусым айындағы жағдайды "бұрын-соңды болмаған, тарихи және ерекше" деп атады.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”