Еуро-2024 ширек финалистері анықталды: Кім және қашан ойнайды
Германияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатында барлық ширек финалшылар анықталды. Финалистер қатарында Испания, Германия, Португалия, Франция секілді елдер бақ сынасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Келесі кезеңнің соңғы қатысушысы болып 1/8 есебімен Аустрияны жеңген Түркия құрамасы тіркелді. Олар Еуро-2024 ширек финалындағы матчта жаңа рекорд орнатты. Түркия президенті команданың еуроның ширек финалына шығуына реакция білдіріп, құттықтады.
Еуро-2024 1/4 финалының матчтарының кестесі (Қазақстан уақыты бойынша):
- 05.07. 21:00 Испания – Германия
- 05.07. 23:55 Португалия – Франция
- 06.07. 21:00 Англия – Швейцария
- 06.07. 23:55 Нидерланды – Түркия
Еске сала кетейік, Еуро-2024 Германияда 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді. Чемпиондық титул әзірге кімге бұйыратына белгісіз. Өйткені былтырғы кубок иегері Италия 1/8 финалда ойыннан шығып қалды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
