АҚШ-та футбол алаңы опырылып түсіп, ортасында үлкен шұңқыр пайда болды (видео)
АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Олтон қаласында футбол алаңында үлкен шұңқыр пайда болды. Оған себеп саябақтың астында орналасқан әктас кеніші. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Telegraph басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: The Telegraph
26 маусымда таңертең қалалық саябақтағы футбол алаңының бір бөлігі жер астына кетіп, оның орнында тереңдігі 30 метрден асатын және диаметрі 30 метр болатын шұңқыр пайда болды.
Жасанды жабынмен бірге жарықтандыру діңгегі де жер астына өтті.
Футбол алаңының астында әктас кеніші орналасқан. Кеніш иелері апатқа шөгу себеп болғанын айтты.
Олтон мэрі Дэвид Гойнс ешкім зардап шекпегенін хабарлады.
Ақауды жою мерзімі әлі белгісіз. Себебі топырақтың күйін инженерлер мен геологтар зерттеуі керек.
Ондаған жыл бұрын футбол алаңының шетінде он метрлік тесік пайда болған. Оны бірден толтыру мүмкін болмаған. Ол үшін жасанды жабынды өзгерту керек болған.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн