ЕУРО-2024: Германия ширек финалға шыққан екінші команда атанды
Германия құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалына шыққан екінші команда атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gettyimages.ru/
Германия құрамасы Еуро-2024 турнирінің 1/8 финалында Дания құрамасына қарсы ойнап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Дортмунд қаласындағы "Сигна́л Иду́на Парк" стадионында өткен матчтың алғашқы таймында есеп ашылмағанымен, немістер екінші таймда екі бірдей жауапсыз гол соқты. Ойынның 53-минутында Кай Хавертц пенальтиден мүлт кетпесе, Джамал Мусиала 68-минутта есепті еселей түсті. Сөйтіп турнир қожайындары ширек финалға шыққан екінші команда атанды. Енді немістер Испания мен Грузия құрамаларының жеңімпазына қарсы ойнайды.
Айта кетейік, бұған дейін Швейцария құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпиондары Италия құрамасын жеңіп, ширек финалға өткенін жазған едік.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"

