Еуро-2024: Қазақстан құрамасы Даниядан ойсырай ұтылды
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің жетінші турында Қазақстан құрамасы Дания құрамасынан жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық футболшылар H тобында бақ сынасып жатыр. Осыған дейін ел құрамасы 12 ұпай жинап, төртінші орынға табан тіреген. Ал екінші орындағы Дания құрамасында 13 ұпай бар болатын.
Ойында алғашқы есепті Дания құрамасы ашты. 48 минутқа дейін Дания құрамасы Қазақстанға үш гол салды.
- 36 мин. Йонас Винд (1:0)
- 45+2 мин. Роберт Сков (2:0)
- 48 мин. Роберт Сков (3:0)
Ойынның 58-минутында қазақстандық Роман Вороговский ел құрамасының ойындағы алғашқы және соңғы голын соқты. Осылайша 3:1 есебімен жеңіліп қалды.
Келесі ойынды Магомед Адиев шәкірттері 17 қазан күні Хельсинки қаласында Финляндияға қарсы өткізеді.
Айта кетсек, бұған дейін Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия футболшыларын ұтқан болатын.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді