Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия футболшыларын ұтты
Қазақстан-Солтүстік Ирландия кездесуінде ұлттық құрама жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ойынның 19-минутта қазақстандық Бахтияр Зайнутдинов қақпаға бірінші болып гол соқпақ болды,
бірақ доп қақпаның сыртында ұшып кетті. Ал 27-минутта ақтөбелік шабуылшы Максим Самородов есеп ашты.
Ирландиялықтар 42-минутта есепті теңестіруге тырысқанымен, Самородов пен Нұралы Әліп оларға кедергі болды.
Екінші таймда Солтүстік Ирландия белсенді болып, гол соғуға тырысып бақты. Алайда қақпашы Игорь Шацкий сауатты ойын көрсетті.
Кейін Самородов жарақат алып, ойыннан шығып қалды. Осылайша, Қазақстан құрамасы қарсыласын шаң қаптырып, 1:0 қорытынды есеппен ойынды аяқтады. Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы екінші орынға табан тіреді. Қазақстан құрамасының қоржынында барлығы 12 ұпай бар.
Алматыдағы құны 1,5 миллиард теңгелік крематорийде жарты жылда небәрі 30 адам өртелген: Қызмет қанша тұрады
899 қазақстандық бұл рәсімге берген келісімін қайтарып алған
Сәбіз бен қой еті 19%-ға дейін қымбаттады: Ресми инфляция неге дүкендегі бағамен сәйкес келмейді
Сәбіз бен қой еті қымбаттады, қияр арзандады: ресми инфляция мен дүкендегі баға неге сәйкес келмейді
