Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2023 жылы теңге бағамы қандай болады - Еуразиялық даму банкінің болжамы

Еуразиялық даму банкі 6 қатысушы мемлекетке қатысты 2023 жылға арналған макроэкономикалық болжам жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

теңге доллар

Банк сарапшыларының мәліметіне сәйкес қатысушы елдердің экономикасы қалыптасқан жағдайға бейімделе түседі. 2023 жылы экономикалық динамика бойынша Ресейдің жалпы ішкі өніиі 2%-ға қысқарады. Ал Арменияның жалпы ішкі өнімі 4,2%-ға, Беларусьтікі 0,3%-ға, Қазақстандікі 4,2%-ға, Қырғызстандікі 3,5%-ға, Тәжікстандікі 6,5%-ға өседі.

Қазақстандағы ақша-несие саясаты инфляциялық қатерді төмендетуге бағытталады. Еуразиялық даму банкінің сарапшылары 2023 жылдың соңында Қазақстанда базалық ставка көлемі 14% шамасында болады деп болжады. 

Сонымен қатар 2023 жылы рубльдің долларға шаққандағы бағамы біртіндеп әлсірей түседі. 

"Ресей рубльінің долларға шаққандағы орташа бағамы 2023 жылы 68,4 рубль болады.

Қазақстан теңгесінің динамикасы 2023 жылы тұрақтанады. Импорт көлемінің артуы және экспорттың өсуі жағдайында теңгенің әлсіреуі күтіледі", – делінген хабарламада. 

Ақпаратқа сәйкес 2023 жылы теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 485,6 теңге болады. 

Талқылау