Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Етеккір кезінде суға түскен бойжеткен акуланың құрбаны болды

Акула қызды жеп қойдыФото: Ramon Carretero / Shutterstock / Fotodom

Мальдив аралдарында 26 жастағы қытайлық бойжеткенге акула шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Oriental Daily News-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бойжеткен Мальдивке арнайы дайвинг курстарын алу үшін келген. Ол су астындағы тіршілік иелерімен ерекше кадр түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісуді армандаған. Оқиға болған күні қыздың етеккірі басталған. Кәсіби нұсқаушылар етеккірдің сүңгуге кедергі болмайтынын айтқан.

Су астына түскенде ол бірнеше мұртты акуланы байқап, солардың артынан жүзіп барады. Осы сәтте акулалардың бірі оның білегінен қатты тістеп алады.

Жараланғанына қарамастан қыз судан шығудан бас тартып, суретке түсуді жалғастырғысы келген. Дегенмен инструкторлар оны шұғыл түрде жағалауға шығаруға мәжбүр етті. Қыздың жарасын таңып жатқанда ол күліп отырған.

Кейін ол дәрігерге жүгініп, сіреспеге қарсы екпе алған. Оның айтуынша, жара терең емес көрінгендіктен, қауіпке қарамай, дайвингті жалғастырған.

Айта кетейік, бұған дейін ит түн ортасында үріп, өз иесін өлім аузынан құтқарып қалғаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Сәрсенбі, 03 Желтоқсан, 2025 23:45