AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есте сақтау қабілетін жақсартатын өнімдер аталды

Есте сақтау қабілетінің бұзылуы мидың қартаюының табиғи жанама әсері болып табылады. Дегенмен мамандар диетаға бірқатар өзгерістер енгізу бұл процесті баяулататынын айтты және оған қажетті ең пайдалы өнімдерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшылардың пікірінше, есте сақтау қабілетінің бұзылуының алдын алатын бірінші тағам ақсерке, скумбрия, тунец және майшабақ сияқты майлы балықтар. Мұның бәрі сіздің миыңызды саулығын жақсартатын ең тиімді қоректік заттардың бірі болып саналатын омега-3 май қышқылдарына бай. 

Адамның ми бөлігі көп май қабаттарынан тұрады. Олар омега-3 арқылы өндіріледі. Бұл май қышқылдары жадтың есте сақтау функциясы мен жалпы ми денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқаратын жаңа жасушаларды шығаруға көмектеседі. 

Бұл май қышқылдары тек миға ғана емес сонымен қатар жүрек ауруының қаупін азайтады. Триглицеридтер деңгейін реттеуге көмектеседі және артриттің алдын алады", - дейді мамандар. 

Омега-3-ті тағамдық қоспалармен де толықтыруға болады. Дегенмен, Ұлттық денсаулық институттарының мәліметтері бойынша, майлы балықты жеудің қосымша тағамдарды қабылдаудан гөрі әлдеқайда пайдасы көп.

Ғалымдардың болжамы бойынша балық пен теңіз өнімдері миға пайдалы басқа да қоректік заттарға бай. Балық өнімдерін тұтыну арқылы қызыл етте кездесетін зиянды ақуыздар мен майларды алмастыруға болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр