AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешкім сенбеген соң диктофонға жазып алған": Оралда өгей әкесі кәмелетке толмаған қызды төрт жыл бойы зорлап келген

Оралда 52 жастағы ер адам өгей қызын зорлады деп айыпталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

17 жастағы қыз өгей әкесі төрт жыл бойы азғындық әрекет жасағанын мәлімдеді. Белгілі болғандай ер кәмелетке толмаған қызды 13 жасынан бастап зорлап келген. 

Қыздың сөзінше, анасы жұмыстан келгенше өгей әкесі білгенін жасаған. Ол қарсылық танытуға тырысқанымен, бұл әрекеттерінің ешқандай пайдасы болмағанын айтады. 

4 жыл бойы қыз анасына болған оқиғалар туралы айтып келген. Сонымен қатар ол психологтар мен мектептегі, содан кейін колледждегі мұғалімдерден көмек сұраған.

Бірақ оған сенбепті, "қиялдан" бас тартуды талап еткен, тіпті өзін-өзі өлтіруге әрекет жасағаны үшін психиатриялық ауруханаға жатқызып қойған. Қыз кезекті рет зорлық-зомбылық туралы хабарлаған кезде, анасы мен өгей әкесі колледжге шақырылған. Сол кезде жәбірленуші зорлықты растайтын аудиожазбаны қосқан.

"Олардың барлығы есеңгіреп қалды. Өгей әкемнен "бұл сенің дауысың ба?" деп сұрады. Ол "иә" деп мойындады. Мас болғанын айтты. Содан кейін оны полицияға жеткізді, үйге қайтып келмеді", – деп атап өтті қыз.

Полицияның хабарлауынша, 52 жастағы күдікті өткен жұмада ұсталған. Сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр