AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешқандай талап орындалмады": Жаңаөзенде жұмысшылар ереуілге шыққандардың жұмыстан қуылғанына наразы

Жаңаөзенде бірнеше рет ереуілге шығып, талаптары орындалмады деген "БатысГеоФизСервис" жұмысшылары тағы әкімдік алдында жиналып, наразылық білдірді. Бұл жолы азаматтар еңбек дауынан соң басшыларының бір топ адамды жұмыссыз қалдырғанына ашулы. Сөздерінше, мамыр айында басталған ереуілді сот заңсыз деп таныпты. Ал соттың бұл шешімін негізге алған компания өкілдері бір-ақ күнде 40-қа жуық адамды жұмыстан шығарып жіберген. Дегенмен серіктестік басшылығы жұмысшыларға қолдан келген жағдайды жасағанымен, өздері келіспегенін алға тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

ереуіл

"БатысГеоФизСервис" жұмысшылары бұл жолы әкімдіктің тура алдында наразылық білдіріп жатыр. Кілемдерін жайып, күннен қорғанатын киімдерін киіп дайындықпен келген азаматтар күні бойы тапжылмай отыр. Жиналғандар "Басшымыз еңбек дауынан соң біржақты шешіммен жұмыстан шығарды" деп шағымданады. Айтуларынша, бұған дейінгі ереуілдерде ешқандай талап қанағаттандырылмай, құрғақ уәдеге тойдырып келген. Ал бұл жолы жұмыссыз қалдырып, тіпті шектен шықты дейді олар. 

“Осы уақытқа дейін ештеңе де шешіліп жатқан жоқ. Барлық болып жатқан жағдайларды қазіргі құзырлы органдарға жаздық, айттық. Алайда ереуілді заңсыз деп біржақты таныды. Сосын мекеменің басшылығы осы шешімді пайдаланып бізді жұмыстан босатып жатыр. Біз оған келіспейміз”, – деді жұмысшы Оразымбек Сапаков. 

“Маған хат та келген жоқ, хабар да келген жоқ. Ауызша айтқан жұмыстан боссың деп, бірақ ештеңе келген жоқ. Біз не болса да осы жігіттермен біргеміз. Ереуіл кезіндегі ешқандай талабымыз орындалған жоқ осы күнге дейін. 2021 жылы да айттық. Онда да орындалған жоқ, ауызша айтып қойды”, – деп қосты Сахи Үмбетов. 

Жыл басынан бері бірнеше рет ереуілге шыққан "БатысГеоФизСервис" жұмысшылары басшылар жұмыстан шығарған азаматтарды қызметке қайтарсын дейді. Әрі бұдан бұрынғы ереуілде жалақыны 100 пайызға көтеру туралы талап орындалсын деп отыр. Ал серіктестік басшылығы жұмысшылар мамыр айында наразылыққа шыққаннан соң сотқа берген екен. 9 маусым күні сот шешімі шығып, азаматтардың ереуілі заңсыз деп танылған. 

“Шешім шыққаннан кейін жұмысшылармен сөйлестік, айттық. Соттың шешімі – ереуілді тоқтату, жұмысқа шығу. Бірақ жігіттер бәрі жұмысшылар бас тартты жұмысқа шығуға. Сол себепті 19-ынан бері тұрған жұмысқа шықпағандарды қазір жұмыстан шығарып жатырмыз”, – деді "БатысГеоФизСервис" ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Марат Нұрлышев. 

Серіктестік өкілі соттың шешімін негізге ала отырып 36 адамды жұмыстан босатқандарын айтады. Сондай-ақ жыл басынан бері қызметкерлердің жалақысын 40 пайызға көтерсек те разы болмай отыр дейді. Дегенмен жұмысшылар айтқанымыздан қайтпаймыз дейді. Жұмысқа қайта орналасып, жалақыны 100 пайызға көтермейінше, наразылықты жалғастыра бермек.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр