"Ешқандай мемлекет COVID-19-ға қарсы ем таппайды": Экстрасенс пен нумеролог коронавирус қашанға дейін созылатынын айтты

Еліміздің танымал көріпкелдері вирус қашан бітетініне, карантин қашанға дейін созылатынына болжам жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "TALKLIKE" жобасына сілтеме беріп.

Экстрасенстер арасындағы шайқастың жеңімпазы Камрян Самедов коронавирус жазға дейін созылады деп болжап отыр.

"Менің болжамым бойынша карантин мамыр айына дейін жалғасады. Себебі солай болуы тиіс. Аурудың таралуы жазға дейін созылады. Карантин адамдар қауіпсіздігі үшін мамырдың соңына дейін болуы керек. Адамдар қаншалықты үйден шықпай карантин режимін сақтаса, соншалықты жұқтыру саны да аз болады", - дейді ол.

Аурудың қайдан келгені жайлы экстрасенс былай дейді:

"Бұл экологиялық ауру, жануарлардан келген. Бір жағынан бұл Алланың адамдарға берген жазасы, белгі болуы мүмкін. Жазда ауру саябырсып, бітеді деп болжаймын. Дұға ету керек".

Айтуынша, аурудың таралуы ресми хабарланғандай,13 наурызда басталды.

Осыған дейін Камрян Самедов Қазақстанда 2000-ға жуық адам жапа шегеді деп болжап, Қытайға әуе жолдарын жабу керек екенін айтып, билікке жолдау жасаған. 

Қазіргі болжамы бойынша, Қазақстан айтарлықтай зардап шекпейді, сондықтан дүрбелең тудырудың қажеті жоқ. Айтуынша, Францияда, Италиядағыдай көп адам зардап шекпейді. 

 "Ешқандай мемлекет COVID-19 вирусына қарсы ем, вакцина таппайды. Бұл вирус ыстыққа шыдамайды. Екі ел Түркия, АҚШ осы ауруды алдын алуға жақсы шаралар жасайды. Еуропа елдерінде адам шығыны көп болады: Италия, Испанияда. Одан кейін АҚШ-та көп адам көз жұмады", -дейді экстрасенс.

Болжамы бойынша, бүкіл әлемде вирустан 1,5-2 млн адам көз жұмады. 

"Қазақстанда карантиннен кейін мейрам болады. Халықтың көңіл күйі жақсы болады. Айтарлықтай үлкен дағдарыс болмайды. Қазақстанда саяси өзгеріс те көріп тұрған жоқпын", - дейді ол.

Нумеролог Құралай Бақытқызы бұл жыл айна саны болғандықтан, кібісе жылы, көп адам мүшел жасқа келетіндіктен, осындай сынақтардың Алладан келуі шарт болғанын, яғни Алладан келген сынақ екенін айтады.

"Бұрынғы уақытқа аналитика жасап көрдім: 1720-да - оба, 1820-да - тырысқақ жұқпалы ауруы,1920-да испан дерті болды. 

Менің болжамым бойынша, мамыр айы сауығу айы, медицина айы, маусым айының басына дейін жағдай тұрақтану керек", - дейді нумеролог маман.

"Қазақстанның биылғы саны 13 болып тұр. Биылғы жылдың саны бүкіл әлем бойынша 4 болып тұр: бұл мединцина, денсаулық саны. Ал Қытайда тіпті, өлімді білдіреді", - дейді ол.

Айтуынша, осы жылы саяси өзгерістер болмайды.

"Билікте өзгерістер көре алмадым.  Келер жылы болуы мүмкін, әлеуметтік жағдай қиындық болады деп ойламаймын. Биылғы жыл еріктілер жылы. Сондықтан мұқтаж жандарға көп көмек көрсетілуде. Қыркүйек айында экономикада тұрақтылық орнайды. Ата жұртқа халық қайта оралатын жыл болады", - дейді ол.

Айтуынша, алдағы екі жылда қазақтандықтарды ауыр жылдар күтіп тұр.

"Алдағы екі жылда елімізге тағы да 13 саны түсіп тұр. Апаттар көп болуы мүмкін. Бұл дегеніміз халық тарапынан қате шешімдер көп қабылданатын жыл, демек, техникалық қауіпсіздікті сақтау керек, жолда абай болу қажет. Сондай-ақ, бұл миграция жылы және тұрғын үй жағынан халыққа жағдай жасалады деп болжаймын", - дейді нумеролог маман.

Экстрасенс Бақыт Жұматова мамыр айында вирустың күші жойылады деп болжайды.

"3% беріп отырмын. Ең көбі отыз адам көз жұмуы мүмкін. Сәуір-мамыр айында Мәскеуде вакцина пайда болуы мүмкін.

Ал экономикалық жағынан, доллар 600-ге дейін көтеріледі, маусым-шілде айында 350-ге түсуі мүмкін. Бүкіл әлемде мемлекет басшылары ауысады", - дейді ол. 

Айтуынша, алдағы жылдары әлемде су тапшылығы орнауы мүмкін. Сондай-ақ, Қазақстанда жаңа қалалар бой көтереді.

"Бұл вирус жәй ғана сынақ. Ал 2024 жылы нағыз эпидемия, соғыс болуы мүмкін. Мұрны жоқ адамдарды көріп тұрмын, сондықтан осы жылдан қорқамын", - деп қорытындылады экстрасенс.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр