Ерте қартайған Нұржан сұлу әйелімен ажырасып кеткенін айтты
Ерте қартаю ауруына шалдыққан атыраулық Нұржан Өркешбаев әйелімен ажырасып кеткенін айтты.
“Сәлем, Инстаграмдағы достарым, баршаңызға денсаулық, мол бақыт тілеймін! Қазір менің жасым 26-да. Отбасылық жағдайымды сұрап жатқандар үшін арнайы айтам. Мен отбасында келеңсіздіктер болып, әйеліммен ажырасып кеттім. Көңілімізді түсірмейік. Қазақ елі аман, жұртымыз тыныш болып, қазақ мәңгілік жасасын”, – дейді Нұржан желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары бұл жайсыз хабарға алаңдап, оған сабырлық тілеп жатыр.
Еске салайық, 2011 жылы Нұржанға бірнеше операция жасалды, нәтижесінде ол бірнеше жылға жасарып шыға келді. Кейін Нұржан Атыраудағы “Нұрсая” ықшамауданынан бір бөлмелі пәтер алды. Ал 2015 жылдың жазында ол үйленген еді.
Тағы да оқыңыздар:
Тағы бір кәсіпкер ауылдастарына 1,6 млн теңгеге ЭКСПО билетін алып берді
Астанада педофилді ұстап алған құрылысшылар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Астанадағы 4 жасар “шал” жұрттың зәресін алды (фото)
Ерте қартаю ауруына шалдыққан Нұржан Өркешбаев шоу-бизнесті бағындырмақшы