Ермұхамед Мәулен футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды
Танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы қызметіне ауысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Спорт журналисті бұған дейін де ҚФФ-да жұмыс атқарған еді. Нақтырақ айтсақ, Ермұхамед 2021 жылы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметін басқарды. Ал 2022-2024 жылдары ҚФФ президенті кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Ермұхамед Мәулен – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. 2013-2016 жылдары "Qazsport" телеарнасының редакторы қызметін атқарды.
2014 жылы журналист – Бразилияда өткен әлем чемпионатын қазақ телевизиясы тарихында тұңғыш рет оқиға орнынан жүргізген комментатор.
2017-2018 жылдары "Егемен Қазақстан" газетінің спорт бөлімінің меңгерушісі, ал 2019 жылы "Хабар" агенттігінің спорт бөлімінің продюсері болды.
2020 жылы "Qazsport" телеарнасында арнайы жобалар редакторы қызметін атқарған.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”

