"Ерлі-зайыпты бір-бірінен демалып тұруы керек": Мархаба Сәби трендке айналған әндерінің тарихын айтты
Әлеуметтік желіде кеңінен таралған “Қыз-бозбала”, “Демалам” әндерінің авторы, сазгер Мархаба Сәби хитке айналған туындының тарихын баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/marhaba_sabi_/
Өнер өкілі “1001түн” бағдарламасында қонақ болып, шығармашылығы жөнінде ой қозғады.
"Ер адам, әйел адам деп көп бөле бермей, бір-бірін бағалап, еркелетіп жүрсінші деген ниетпен "Қыз-бозбала" әнін шығардым. 30-да болсын, 40-та болсын, адамның көңілі бозбаланікіндей болып қалады дегенді жеткізгім келді. Үйде бір-бірімізге ауыр сөздерді көбірек айтатын сияқтымыз. "Сен кінәлісің", "Сенің кесірің" деп емес, "Арыстаным", "Аққуым" деп жиі айтайықшы деген нәрсені үндегім келді", – деді әнші.
Сондай-ақ Мархаба Сәби YouTube желісінде бір айда 3,2 миллион рет тыңдалған туындысы арқылы отбасы құндылығын да насихаттағысы келіпті.
"Демалам" әні алдыңғы әнімнің жалғасы іспеттес. Ерлі-зайыпты бір-біріне демалыс, еркіндік беріп тұруы керегін еске салғым келді", – деді сазгер.
Айта кетейік, өнер иесі оқуын тастап кеткенін мойындаған еді.