Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мархаба Сәби атышулы жаңа әніне қатысты: Қорқа беруге болады, қорықпауға да болады

"Ұнайды маған", My Mahabbat, "Ғана" деген әдемі әндерімен, әсем даусымен қазақстандықтардың жүрегін жаулап алған Мархаба Сәби көпшілік назарына жаңа әнін ұсынды. Әншінің жаңа туындысы бұрынғы туындыларынан сөзімен де, айтар ойымен де өзгеше. Мархаба Сәби Stan.kz тілшісіне елде болып жатқан оқиғаларға көңілі неліктен толмайтынын айтып берді. 

Alt

Сурет: Harmonic Production

Ән қалай туды? Қашан жазылды?

Сезімтал, өнер адамы ретінде айналамда болып жатқан жағдайларға бейжай қарай алмаймын. Оның көрінісімен күнде бетпе-бет кездесесің. Шала төселіп, жылда ауыстыратын асфальттан бастап қабағы түйілген адамдарға дейін. Осы бейнелерге өз көзқарасымызды жеткізу үшін жолдасым Сәкен Мұсағалиев екеуіміз әнді бір жарым ай бұрын бірге отырып, 2 сағатта жазып тастадық. Ол әннің сөзін жазды. 

Әнді 5 маусым күні шығаруды алдын-ала жоспарладыңыз ба?

Иә, осы уақытты ыңғайлы деп таптық. 

Сіздің өзгеру керек, өзгерту керек, қорықпау керек деген сөздеріңізді елдің тағдырына бей-жай қарамайтын азаматтар көп уақыттан бері айтып келеді. Әнді жазғанда не нәрсеге үміттендіңіз?  

Бір ән бір жүйені өзгертпесі анық. Бірақ өз уақытының үндеуіне айналуы мүмкін. Қоғамда болып жатқан дүниелерге ешкім бейжай болмауы керек. Сол кезде өзгеріс келеді деп ойлаймын. Қарсылықты көңіл-күй көбеюде, ерте ме, кеш пе, билік бәрібір санаспай қоймайды. 

Тыңдарманнан қандай жауап күттіңіз? Әніңіз арқылы әр қазақстандықтың санасына қандай ой салғыңыз келді? Белсенділер секілді халықты қалың ұйқыдан оятқыңыз келді ме?

Өнер - өз заманымен үндес болғанда ғана шынайы, тірі болады деп есептеймін. Өз көзқарасымызбен бөлістік. Әннің сөздері анық, айқын, қай мағынада айтылып тұрғаны түсіндірмей-ақ түсінікті деп ойлаймын.

Жалған арман, жалған бақыт екенін өзіңіз қашан түсіндіңіз? "Ұйқыдан" қашан ояндыңыз? 

Ұйықтадым деп айта алмаймын. Консерваторияда, "Жүргеновте" оқыдым. Екеуін де аяқтамай тастап кеттім. Себеп — толық шығармашылық еркіндіктің болмауы, жаңашылдықтың қолдау таппауы, мағынасыз қайталана беретін үкіметтік концерттер т.б. Саналы өмірімде қашан да осы жүйеге деген келіспеушілік болды.

Әніңіз қауіп-қатерге тікпей ма басыңызды?

Қорқа беруге болады. Қорықпауға да болады. Әр адамның өз таңдауы.

Әннің мұқабасында аузыңыз жабық тұр, сөз бостандығын меңзеп тұрсыз ба?

Мүмкін.

Әніңіз үшін сізден мұндайды күтпедік деп сынағандар бар болар?

Әзірге бұл әніме қатысты ондай сын кездестірмедім.

 

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр