"Күйеуім жалықса, төркініме кетіп қаламын": Мархаба Сәби алғаш рет отбасына қатысты сұраққа жауап берді
Жастар арасында танымал әнші Мархаба Сәби отбасы жайлы сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/marhaba_sabi_/
Өнер иесі “1001 түн” бағдарламасында қонақ болып, отбасы жайлы сыр шертті.
“Негізі махаббаты берік, лаулап тұрған ғашықтар бір-бірінен жалықпайды ғой. Ал отбасы болған соң бәрі басқаша. Кейде күйеуім менен шаршап кетсе, мен қызымды алып, төркініме кетіп қаламын. Кейде, керісінше, мен жолдасымнан жалығып, шаршасам, күйеуім қызымды алып, басқа жаққа кетіп қалады. Мен үшін демалыстың төресі – жалғыз қалып, ән жазу, жеке шығармашылығыммен айналысу. Маған концерт беріп, сұхбаттасқан онша ұнамайды. Бірақ өнер адамы болғасын, тыңдарман қауым күтеді. Болашақта жанды дауыста концерт өткізу жоспарда бар", – деді әнші.
-
"Жекеде хабарласып, кешірімін алдым": Ағайынды Жүгінісовтер сазгер Мархаба Сәбиге жауап берді
-
Мархаба Сәби атышулы жаңа әніне қатысты: Қорқа беруге болады, қорықпауға да болады
Өнер иесі жолдасының да өнерден алыс емес екенін айтып, үнемі қолдап отыратынын мақтанышпен жеткізді.
Біздің отбасыны өнерлі деп айтсам болады. Жолдасым – сыншым, қызым музам. Өнер адамын өнер адамы ғана түсінеді екен. Қыз балаға өнерде жүру қиындау. Менің күйеуім де сазгер, домбырашы. Сондықтан мені үнемі қолдайды, кеңесін айтып отырады. Кез келген нәрсені бірге отырып талқылаймыз", – деді Мархаба Сәби.
Еске салайық, "Көкірегін көріп, мінезін байқадым" деп Мархаба Сәби Мирас Жүгінісовке ренішін білдірген еді.