Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жекеде хабарласып, кешірімін алдым": Ағайынды Жүгінісовтер сазгер Мархаба Сәбиге жауап берді

Танымал әнші, композитор Мархаба Сәби ағайынды Жүгінісовтерге, оның ішінде, Мирас Жүгінісовке өкпелі екенін айтқан еді. Мирас композитордан кешірім сұрағанын жазып, жағдайды түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мархаба Сәби әншінің талай хит әндеріне сөзін жазып берген. 

“Негізі, барлық жерде Мархаба ханымның автор екені көрсетілген. Менің сұхбаттарымды көрген адамдар біледі, мен барлық жерде Мура досымның әнін жазатынын, Мархаба ханымның сөзін жазатынын және сөздері бөлек екенін айтып жүремін. Қазақстан даусында Мухаммедәлі редакторларға қазіргі автордың атын қателікпен жазып жіберіпті. Ол үшін шын жүректен кешірім сұраймыз. Жеке де хабарласып, кешірімін алдық", – деп жазды әнші. 

Әншінің інісі Мұхаммедәлі де жеке парақшасына жазба жариялап, “қателік менен” деп ақталды.

“Инстаграмды ашып қалсам, Мархаба әпкенің жазбасын көрдім. Бұл менің қателігім. Ешқандай да Мирас ағам мен оның командасының қатысы жоқ. “Қазақстан дауысы” жобасында Мирас ағамның “Уақыт” әнін айтып едім, авторын Саят Рақымжанов деп жазып жіберіппін. Ол кісі де ағамның біраз әндерінің авторы болатын. Мархаба әпкеге хабарласып, қателігім үшін кешірім сұрадым. Бізде бәрі жақсы. Уайымдамаңыздар”, – деді Мұхаммедәлі. 

Еске салайық, Мархаба Сәби ағайынды Жүгінісовтерге реніші барын жазған болатынбыз. 

Талқылау