Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлан Тұрғымбаевтың қандай қызметке тағайындалғаны белгілі болды

Ерлан Тұрғымбаев президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президенттің жарлығымен Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер министрі қызметінен босатылған болатын.

Ол осы қызметті 2019 жылдың ақпанынан бері атқарған еді. Бұған дейін алты жыл бойы министрдің орынбасары болды. Тергеу комитетінің төрағасы, сондай-ақ Алматы қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменттерін басқарды.

Тұрғымбаевтың орнына Марат Ахметжанов келді.

Еске сала кетсек, бүгін президент бірқатар ауыс-түйіс жасады. Мемлекет басшысы Әсет Исекешевті Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатып, өзінің көмекшісі етіп тағайындады.

Сондай-ақ, осы күнге дейін Қазақстанның бас прокуроры қызметін атқарған Ғизат Нұрдәулетов те енді президент көмекшісі болады. Бұған қоса, ол Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарады.

Президент әкімшілігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде де жаңа тағайындаулар болды.

Мемлекет басшысының өкімімен Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына Болат Тілепов тағайындалды.

Сондай-ақ, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметін Нұрлан Әбдірахманов атқаратын болды.

Талқылау