Ерлан Нысанбаев экология министрі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін бұл қызметті Зүлфия Сүлейменова атқарған.
Ерлан Нысанбаев 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы бастаған.
Түрлі жылдары коммерциялық сектор мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеді.
2014-2019 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі.
2019 – 2021 жылдары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді