Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлан Біләлді қорғаштаған актриса ел алдында жылап тұрып өлең оқыды

Қасақана қастандық қылған сатқынды соттау керек. Қазақстан театрлар қауымдастығы парамен ұсталған актер Ерлан Біләлға араша сұрап отыр. Халық әртісі Асанәлі Әшімов бастаған өнер саласының майталмандары үзеңгілестеріне әдейі ор қазып, осы жағдайды ұйымдастырған адамдардың сот алдында жауап беруін талап етіп отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Естеріңізге салсақ, Әуезов театрының директоры бірнеше күн бұрын 1 жарым миллион  теңге пара алу кезінде ұсталған болатын. Ол кінәсын бірден мойындағандықтан, тергеу аяқталғанша бостандықта жүрмек.

Әкем театрдың сахнасы бүгін күрсініске толды. Жиналған әртістер қауымының жанарлары солғын тартқан. Үзеңгілестері Ерлан Біләлдің басына түскен жағдай олардың да қабырғасын қайыстырғандай. Мүйізі қарағайдай Асанәлі Әшімов бастаған, Нұрлан Оразалиндер қостаған зиялылар араша сұрап, ағынан жарылды. «Құлагерді» сүріндірген Батырашты ел білуі тиіс дейді.

«Осыны ұйымдастырған адамды сотқа шақырамын.  Біз Жапонияға кеткенде, коллектив демалып жатқанда театрдың ішіне аппаратура орнатқан.  Ауырып жатқан жерінен шақыртып осындай жағдайға душар қылған», – дейді Қазақстан театрлар қауымдастығының президенті -Асанәлі Әшімов.

Қаңтардағы «Ерлан парамен ұсталды» деген хабар демде от тиген қаудай лап етті. Құзғынға жиналған қарғадай, оны қаралағандар да қаптады. Өсектен өзектері өртенген өнер өкілдері Ерланның бір қателігі үшін тұнған талантын таптап, тұншықтыруға болмайтынын, директорлық тағынан тайғанмен, әртістік арғымағынан түспеуі керек екенін айтады.

«Ерлан таза қалпы, өзінің ақ көйлек болмысымен, сенгіштігімен келіп осы жайсыз жағдайдың құрбаны болып отырғаны секілді. Тарихтан білеміз Моцарт пен Салеридің қалай болғанын. Демек арамызда Селерилер әлі бар. Олар ең қиын әрекетке барып отыр», – дейді Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Нұрлан Оразалин.

Ерланның әріптестері оның адамдығын айтып ақтап, емірене, көздеріне жас алып егілді.

«Жалғанды жалпағынан басқандар,

Ар-абыройдан асқандар,

Бәрі де сенің оғыланын, бәрі де.

Табала мейлі, тала мейлі,

Талып жығылған тұлғанның табанына

Ақ баталы алақанынды төсе мейлі,

Ол сенікі қазақ!» – деп өлең арнады актриса.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері өткен апта бір жарым миллион теңге пара алғаны үшін ұсталған еді. Ол театр ғимаратын балаларға жаңа жылдық кеш өткізуге жалға бермек болған.

Оқи отырыңыз:

Үнді әніне мың бұрала билеген Жанар Айжанова желіні шулатты (видео)

Әріптестері парамен ұсталған Ерлан Біләлді қолдады

Тамара Асар алғаш рет өмірін өзгерткен жол апаты жайлы айтты

Төреғали 5 күндік концерті мен үйлену тойын ұйымдастырған продюсердің ақшасын бермей қойған

Баян сұлудың рөлін сомдаған актриса лауазымды азаматтың қызы болып шықты

Талқылау