Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян сұлудың рөлін сомдаған актриса лауазымды азаматтың қызы болып шықты

“Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” телехикаясында басты рөлді сомдаған қыз белгілі шенеуніктің қызы болып шықты. Бұл туралы желі оқырманының сөзіне сүйенген танымал заңгер Айгүл Орынбек мәлімдеді. Айтуынша, Баянның рөлін сомдаған Гүлзада Тұрлаш есімді бойжеткен Алматы облысы әкімі орынбасарының қызы, деп хабарлайды Stan.kz.

“Тілімнің қорланғанын көріп қатты жүрегім ауырды. Халықтың шырылдауы орынды.
Басты рөлді ойнаған қызда ешқандай қазақылық жоқ. Актриса дұрыс таңдалмаған. Қазақтың мəдениетін ашып көрсете алмаған. Бəрінің пікірін оқып шықтым. Біраз елге танымал аға- апаларым ашынып отыр екен. Ұлттық идеологияның құлдырауы деп осыны айту керек!
Ал Баян ханымға келер болсақ, Баян ханым егер таза болсаңыз мынандай əңгімелер ермес еді артыңыздан. Спонсорларды лақтырып, сериал түсіргеніңіз үшін жер алып жатсаңыз бұл нағыз коррупция. Мұны жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тексеріп көргені дұрыс болады деп ойлаймын. 54 миллион теңге жерде жатқан ақша емес! Халықтың салығы! Халық өз қаржыларының қайда кетіп жатқанын сұрауға құқылы!” – деп мәлімдеген заңгер желіден алынған мәліметтерді жария етті. 

Оған сәйкес, Баян Мақсатқызы Гүлзада Тұрлашты сериалға түсіру үшін оның әкесінен 800 гектар жер сыйға алған. Алматы облысының аумағында орналасқан жер Алагөзованың сіңлісі Бағым Мұхитденованың атына жазылыпты.

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Гүлзада Тұрлаштың әкім орынбасары Лаззат Махатұлы Тұрлаштың қызы екенін растады. Алайда ол Гүлзаданың арнайы кастингтен өткенін алға тартып, ол үшін арнайы жер бөлінгенін жоққа шығарды.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Лаззат Тұрлашов

“Айгүл Орынбек жариялаған посттағы Баян Мақсатқызына 800 гектар жер берілгені туралы ақпарат шындыққа жанаспайтындығын ресми түрде мәлімдеймін”, – деп жазды ол Facebook-те.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайберген әлемдік турнесін тоқтатып үйіне оралды (видео)

Атышулы Айжан Байзақова өзінің қамауда болғаны, даулы видео мен екіжүзділер жөнінде айтты

Желіде Жұлдыз Өмірғалидің сәбиімен түскен суреті жарияланды (фото)

Атышулы 91 тобы Оңтүстік Корея астанасында өнер көрсетті (видео)

Талқылау