Еркеш Хасен қызының 1 жас туған күнін дүркіретіп атап өтті
“Үйге береке боп келдің” деп шырқаған жас әнші Еркеш Хасеннің қызы Медина 1 жасқа толды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі жақындар мен өнердегі әріптестерінің басын қосып, той жасады. Отбасылық жиында Жазира Байырбекова, Жанболат Ербатыров, Серік Ибрагимов, Назым Әбілдина сында шоу-бизнес өкілдері бой көрсетті.
Жас жұбайлар бір жасқа толған Мединаның туған күнімен қоса тұсаукесерін де өткізуді жөн санаған. Мединаның тұсауын Жазира Байырбекова мен продюсер, Назым Әбілдинаның анасы Ғалия Байбосынова кесті.
“Ғалия құрдасым екеуімізге қызымыздың тұсауын кесу бұйырыпты”, – деп жазды Жазира Байырбекова.

Тәй-тәй басқан Медина алдына кітап, көліктің кілті, микрофон мен ақшаны қойды. Бүлдіршін ойланбастан микрофонды таңдады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған