Еркебұлан Тоқтар Ресей чемпионын нокаутқа жіберді
Мысырлық қарсыласын бір минутта нокаутқа жіберген Еркебұлан Тоқтар кезекті жекпе-жегінде Ресей чемпионына қарсы өткізіп, жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото:Octagon
Соңғы жекпе-жегін Dala Fighting Championship турнирінде өткізіп, мысырлық қарсыласы Хайсам Эльсаидті бір минутта нокаутқа жіберген Еркебұлан Тоқтар тағы да кезекті қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді. Танымал актер, әрі спортшы Алматы қаласында өтіп жатқан жалаң қолмен жұдырықтасатын Nomad Fighting Championship турнирінде өнер көрсетіп, кикбоксингтен Ресей чемпионы болған Фарид Ядуллаевты бірінші раундтың алғашқы минутында нокаутқа жіберді. Жекпе-жек бастала сала, жойқын соққыларын дарытқан Еркебұлан Ядуллаевтан есесін қайтарып, кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Айта кетейік, Еркебұлан бұл спортшымен бұрынNomad Fighting Championship турнирінде жұдырықтасып, жеңіліп қалған болатын.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған

