Еркебұлан Тоқтар қарсыласын "қатынға" теңеді
Қазақстандық танымал актер, әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар алдағы жекпе-жектегі қарсыласы Одилхан Камоловты “қатынға” теңеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Prosports.kz
Еркебұлан Тоқтар Octagon 56 турнирінде өзбекстандық Одилхан Камоловқа қарсы жекпе-жек өткізу керек болған. Ташкентке жоспарланған жарыс Алматыға ауысқандықтан, өзбекстандық спортшы кездесуден бас тартты.
“Одилханда намыс жоқ, сөзінде тұрмайтын қорқақ. Жекпе-жектен “қашып, секіреді”деген болжамым дәл келді. Алматыда жекпе-жекке шықпаймын деген таза қатынның әңгімесі. Егер расымен жекпе-жекке шықпаса “қатын” болғаны”– деді танымал актер.
Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар мен Одилхан Камолов Octagon 33 турнирінде жекпе-жек өткізіп, отандасымыз жеңіліп қалған болатын. Екі жылдан кейін қос спортшы реванш жасауға келіскен.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді

