Еркебұлан Дайыров 1,5 айда 20 келі салмақ қосуға мәжбүр болған
Еркебұлан Дайыров сыртқы келбеті өзгеріске көп ұшырайтын актерлердің бірі. Айтуынша, мұндай "құрбандыққа" кинодағы рөлі үшін барады. Мәселен, "Балуан Шолақ" фильміне дайындық кезіде актер 20 келі салмақ қосуға мәжбүр болған. Бұл туралы актер "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
"Балуан Шолақ" фильміне дайындық кезінде 108 келіден аса салмақ жинадым. Менің бойым үшін үлкен салмақ", - деген актер қазақ киносына түсудің қиын тұсын атады.
"Қазақ киносының қиын тұстарының бірі - өте қысқа мерзімде бекітілесің. Уақыт аз болғаннан кейін, спорттық формаларға жүгінуге тура келді. Дәрумендер ішіп, 1,5 айда салмақты 89-дан 108-ге көтердік. Сол салмақпен біраз жүріп қалдым, көрермендердің көзі соған үйреніп қалды", - дейді Еркебұлан.
Дайыров бұдан кейін қайта салмақ тастауға мәжбүр болған. "Өнер барысы" жобасында бекітілген салмаққа түсу үшін актер біраз тыраштанған. Оның үстіне, артық салмақпен өзінің де қиналып кеткенін алға тартты.
"Кезінде сынаған адамдар қолымды алды": Тәуекел Мүсілім өзіне сенбегендер жайлы айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"