Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан «Қайда» әнінің жалғасын шығармақ

“Қайда?” әнімен бүкіл Қазақстанды шулатқан Еркенің бүгінде той-томалақ пен концерттен қолы босамайды. Әншінің шығармашылықпен айналысуға мүлдем уақыты қалмаған десе де болады. Әйткенмен Ерке әрі-бері әуеде ұшып жүрген кезінде келесі клипін жоспарлап қойған.

20478603_485972978405009_5186541088617267200_n

Бұл туралы Гәкку арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Қайда?» әнінің жарық көргеніне 2 ай болды. Сол екі айдың ішінде біраз қала араладым, тойлар, гастрөлдер көп болды. Қол тимей жатыр”, – деген Ерке мұнымен тоқтап қалмайтынын айтты. Ол жаңа клиптің сюжетін жоспарлауда.

“Бірақ мен жаңа туындымды да ойлап жүрмін. Әрлі-берлі ұшқан сайын, ойымда жүзеге асырып жүремін. Енді соны іспен жүзеге асыру керек болып тұр”, – дейді ол.

Әншінің ойлап жүрген туындысы «Қайда?» әнінің жалғасы болмақ.

«Енді сол «модный», «Қайданы» жалғайтын ырғақты, әдемі ән болады. Менің іздеп жүргенім – жігіт, екінші жартым. Сол жігіттің бейнесін сипаттап беремін ба, сондай… Енді ол кішкене құпия болып қалсын. Бәрін айтатын болсам, құпия ашылып қалуы мүмкін», – дейді Ерке.

«Қайда?» деп бүкіл Қазақстанға іздеу салған Ерке тыңдармандарына тосынсый дайындап әлек.

«Өзім қуанып жүрмін осы әнді тапқаныма және ойыма сондай идея келгеніне. Өйткені барлығы ойлады ғой «Қайда, қайда… іздеді, жоқ-жоқ», енді «таптым, бар-бар» деген ән болады. Жоқ пен бардың ортасындағы ән болайын деп тұр”, – деді ағынан жарылып Ерке.

Жіберіп алмаңыз:

Сиви Махмұди Анталиядағы үйін көрсетіп мақтанды (фото)

Лидо отбасылық жантебірентерлік суреттерін көрсетті (фото)

Ерке Есмаханның сәби күнгі суреті желіні шулатты

“Шықпасаңыз тамырымды кесемін”: Бір топ әншілер Алуа Қонарованың зәресін ұшырды (видео)

Талқылау