Еріген қар суының салдарынан екі облыста жол жабылды
ҚазАвтоЖол еріген қар суының салдарынан екі облыста жол жабылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: sapaortalygy.kz
ҚазАвтоЖолдың мәліметінше, 21 наурыз күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша еріген қар суының салдарынан 2 облыстағы 2 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылған.
Ақтөбе облысы:
- "Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз" автожолының 3-92 шақырымдарының аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).
Қостанай облысы:
- "Мариновка ауылына кіреберіс" автожолының 9 шақырымы.
“Барлық учаскелерде айналма жолдар қарастырылған. Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 104 арнайы техника мен 142 маман жұмылдырылды”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев су тасқынына қатысты төтенше жағдайлар министріне тапсырма бергені туралы жазған едік.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған