Ердоғанның ниеті белгілі болды - Түркия президенті Путинмен кездесуде не айтады
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей басшысы Владимир Путинмен өтетін кездесуінде Украинамен бейбіт келіссөз жүргізуді ұсынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Түркия басшысының әкімшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Саясаткер Путинге Украинадағы жанжалды реттеуде делдал болуды ұсынбақ. Түркия соғысты тезірек тоқтатуды және келіссөз үстеліне отыруды бірнеше рет қолдаған.
"Ердоған бүгінде Ресей мен Украина басшыларының шынайы сеніміне ие. Ол екі елмен тұрақты байланысты ұстап, аймақта бейбітшілік орнату үшін бәрін жасайтын бірден-бір әлемдік көшбасшы болуы мүмкін", - деп атап өтті агенттік өкілі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ердоғанның сайлаудағы қарсыласы апатқа түскені туралы жазған едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар