Ердоғанның сайлаудағы қарсыласы жол апатына түсті
Режеп Тайып Ердоғанның президенттік сайлаудағы бұрынғы қарсыласы Кемал Кылычдароғлу жол апатына ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
"Оппозициялық Халықтық-республикалық партияның жетекшісі, президенттікке бұрынғы кандидат Кемал Кылычдароғлуның кортежінде 7 көліктің қатысуымен жол апаты болды”, – деп жазды Star газеті.
Сондай-ақ, жол апатына журналистер мінген шағын автобус та түсіп, салдарынан төрт адам, оның ішінде екі БАҚ қызметкері зардап шекті.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"