Ердоған ДХР мен ЛХР-ды мойындағандарды айыптады
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресейдің Донецк және Луганск халық республикаларын тәуелсіз мемлекеттер деп тануын айыптады. Оның сөзін Anadolu агенттігі келтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Саясаткер тараптарды "халықаралық құқықты бұзбауға және парасатты болуға" шақырды.
Ресей президенті Владимир Путин 21 ақпанда ДХР мен ЛХР-ды тәуелсіз мемлекеттер деп тану туралы Жарлыққа қол қойды. Оның айтуынша, мұндай шешім Киев "2014 және 2015 жылдардағыдай Донбаста қауырт соғыс ұйымдастыруға тырысып жатқандығына" байланысты қабылдаған.
"Бейбіт тұрғындарды өлтіру, блокада, адамдарды қорлау тоқтар емес. Бізше айтпақшы, бұның ұшы-қиыры көрінбейді ", — деп атап өтті Путин.
Сонымен бірге, ол Ресей "Украинаның аумақтық тұтастығын сақтау үшін бәрін жасағанын" атап өтті.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі