AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем елдері Ресейдің ДХР мен ЛХР егемендігін тану туралы шешіміне қалай жауап берді

21 ақпанда Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін Ресей президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындау туралы шешімге келді. Халыққа жолдаған үндеуінен кейін Путин тиісті жарлыққа қол қойды. Өз кезегінде Ресей басшысының бұл шешімі әлем елдерін бейжай қалдырмады. 

Украина

Ресейдің бұл шешіміне байланысты Украина президенті Владимир Зеленский жедел түрде Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің отырысын шақырды. Бұған қоса ол бұл мәселе жайлы АҚШ президенті Джон Байденмен телефон арқылы сөйлесіп, Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсонмен тілдесуді жоспарлаған. 


Зеленский: Украина шекаралары өз орнында қалады


АҚШ

"Біз Ресейдің мұндай қадамға баратынын күткен едік және бұған дереу жауап беруге дайынбыз. Президент Байден жақында америкалық тұлғалардың өздерін мемлекет деп жариялаған ДХР мен ЛХР-ге инвестиция құюға, қаржыландыруға және сауда жасауға тыйым салатын жарлыққа қол қояды”, – делінген Ақ үй хабарламасында. 

Донецк халық республикасы

"Ресейдің бұл шешімі тек қолдау мен көмек қана емес, Орыс Донбассының бейбіт болашағына деген сенімінің кепілі. РФ президенті ресейліктердің емес, бүкіл орыстардың бірлікке деген ерік-жігерін іске асырды. Біз Владимир Путинге және бүкіл Ресейге алғыс білдіреміз", - деп жазды ДХР басшысы Дерис Пушилин.

НАТО

"Бұл Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіріп, мәселені шешуге деген талпынысты жойып, құрамында Ресей де бар Минск келісімін бұзады”, – деді НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдемесінде.

Германия

"Ресей президенті Путиннің Украинаның шығысындағы сепаратистік "Халық республикаларын" мойындауы Нормандия форматы және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының көп жылдық жұмысын астан-кестен етті. Біз серіктес мемлекеттермен бірлесе отырып, халықаралық құқықтың бұзылуына жауап береміз”, –деді Германияның Сыртқы істер министрі Аннален Бурбок.

Австрия

"Ресей президентінің Украинаның шығысындағы сепаратистік аймақтарды егемен деп тану Минск келісімін бұзу және бейбіт шешімге келуге бағытталған қарсылық”, – деді Австрия канцлері Карл Нехаммер. 

Сербия

"Бұл дағдарыс Еуропаның басқа бөліктеріне таралуы мүмкін бе деген сұрақ ашық күйінде қалып отыр. Ресей президенті Владимир Путиннің шешімінен кейін Сербияға саяси қысым әлдеқайда күшті болады. Сербия Еуропаға тән болғанымен, халықтың 85%-ы әрдайым Ресей жағында екені сөзсіз", - деді Сербия президенті Александр Вучич. 

Нидерланды

"Украинадағы сепаратистік аумақтарды тану – халықаралық құқықты, Украинаның аумақтық тұтастығын және Минск келісімдерін өрескел бұзу. Нидерланды Ресейдің бұл әрекетін қолдамайды, Еуроодақ пен НАТО-дағы әріптестерімізбен біріге отырып, қатаң жауап береді", - деді елдің сыртқы істер министрі Вопке Хоекстра. 

Грузия

"Біз Ресейдің украиналық Донецк және Луганск облыстарының “егенмендігін тануына" үзілді-кесілді қарсымыз. Бұл 2008 жылы Грузияның 20% аумағын басып алуға алып келген жағдайды қайталап отыр (Ресейдің Абхазия мен Оңтүстік Осетияны мойындауы – ред.). Құрметті Украина президенті Владимир Зеленский, Грузия сізді және Украинаның аумақтық тұтастығы мен бейбітшілігін қолдайды", - деп жазды Грузия президенті Саломе Зурабишвили твиттерде.

Франция

"Франция президенті Ресей басшының бұл шешімін қолдамайды. Себебі бұл – Ресейдің халықаралық міндеттемелерін біржақты бұзу және Украинаның егемендігіне қол сұғу. Президент Эммануэль Макрон БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл жиналыс өткізуге және еуропалық санкцияларды қабылдауға шақырады", — делінген Францияның ресми хабарламасында. 

Ұлыбритания

"Бұл – Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығына жасалған шабуыл, Минск келісімінің аяқталу мен БҰҰ жарғысын бұзу. Ресей екіжақты диалогтан гөрі қарсыластықты таңдап отыр", - деп жазды Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Лиз Трусс.

Еуропа Кеңесі

"Еуропа Кеңесі Украинаның халықаралық мойындалған шекаралары шегінде егемендігі мен аумақтық тұтастығын айнымас қолдайды. Ресей Федерациясын бұл шешімнен бас тартуға және жағдайды одан әрі ушықтырудан аулақ болуға шақырамыз. Біз  Еуропа Кеңесінің Жарғысында және Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенцияда бекітілген қағидаттарды құрметтеуге негізделген диалог арқылы ұйымға мүше мемлекеттерді келіспеушіліктерді шешуге шақырамыз. ", — деп мәлімдеді Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Мария Пейчинович-Бурич.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы

"Біз Ресей Федерациясын осы сәтсіз шешімді жүзеге асыру үшін әскери іс-қимылдардан бас тартуға және халықаралық қатынастар үшін мұның кері әсерін ескеруге шақырамыз", - деп жазды ұйым төрағасы Збигнев Рау Twitter-де.

Латвия

"Ресей Федерациясының президенті қабылдаған шешім 2014 жылы Еуропадағы шекараларды заңсыз өзгертуден басталған Украинаның тәуелсіздігі, егемендігі мен аумақтық тұтастығына қарсы шабуылдың жалғасы болып табылады", - делінген Латвия президентінің, премьер-министрінің және сыртқы істер министрінің бірлескен мәлімдемесінде. 

Түркия

“Мәскеудің Донбасс республикаларын тану туралы шешімі – Минск келісімдерін бұзу, сондай-ақ Украинаның саяси бірлігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіру. Біз Украинаның саяси бірлігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға деген адалдығымызды атап өткіміз келеді және барлық тараптарды парасатты болуға, халықаралық құқықты құрметтеуге шақырамыз", - делінген Анкара мәлімдемесінде.

Еске салсақ, бұған дейін Ресей Донецк және Луганск халық республикалараның егенмендігін мойындағаны жайлы айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр