Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зеленский: Украина шекаралары өз орнында қалады

Украина президенті Владимир Зеленский өз халқына үндеуінде халықаралық деңгейде мойындалған Украинаның шекаралары өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Бізде және біздің мемлекетімізде тарих бойынша ұзақ дәрістер тыңдауға уақыты жоқ, сондықтан мен өткенге үңілмеймін. Қазіргі жағдай мен болашақ жайлы айтайын. Менің артымда халықаралық деңгейде танылған шекараларымен Украина тұр, оған қатысты Ресей Федерациясы қандай мәлімдеме айтып, әрекеттер жасамасын ол өзгеріссіз қалады", – деді Зеленский азаматтарға арналған үндеуінде.

Сондай-ақ, Украина басшысы  Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасын мойындау Ресейдің Минск келісімінен өз бетінше шығуын білдіретінін айтты.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасының егемендігін мойындайтыны туралы Жарлыққа қол қойып, Ресей армиясына онда бейбітшілікті қамтамасыз етуді тапсырды.

Талқылау