AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Донецк және Луганск халық республикалараның егенмендігін мойындады

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасының егемендігін мойындады. Ресейліктерге жолдаған үндеуден кейін Путин тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

егемендік

Ресей басшысы ел азаматтарын ДХР мен ЛХР-ды тәуелсіз мемлекет деп тануға шақырды. 

Бұған қоса халыққа жасаған үндеуінде ол Украинаның қалай құрылғанын және оған алғаш рет Ресей территорияларының қалай өткенін айтты.

"Қазіргі Украинаны толығымен большевиктер, коммунистік Ресей құрған", – деді Путин.

Владимир Путин Украина тұрақты мемлекет ретінде орнамағанын және 2014 жылы ұлтшылдар конституцияға қарсы жолмен билікке келгенін сөз етті. 

“Ресей Украинаға нақты декоммунизацияның не екенін көрсетуге дайын”, – деп қосты Путин.

Сонымен қатар Ресей президенті Украинада билікті басып алғандар елде террор ұйымдастырып, Одессада бейбіт халықты қырып тастағанын жеткізді. Сөзінше, олардың өліміне кінәлілерге іздеу салынбаған, мұндай бассыздыққа жол бергендер жазаланбаған. Дегенмен Путин олардың кім екенін білетінін және кінәлілерді жазаға тарту үшін барын салатынын тілге тиек етті. 

Ресей басшысының айтуынша, қазіргі таңда Донбасста болып жатқан жағдай – геноцид көрінісі. Қазіргі күні 4 миллионға жуық тұрғын соның салдарын тартуда дейді ол. 

Осыған орай Путин Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындайтынын мәлімдеді. Тиісті жарлыққа ол тікелей эфирде қой қойды. Бұған қоса республикалар арасында достық, серіктестік және өзара көмек бойынша келісім жасалды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр