"Ерболат мені лақтырды": Белгілі хореограф Беделханға төрт ай тегін жұмыс істегенін мәлімдеді
Белгілі хореограф, блогер Ердос Усабаев Ерболат Беделханның командасында төрт ай тегін жұмыс істегенін мәлімдеді. Айтуынша, продюсер оның еңбегін пайдаланып, ақырында ақысын төлемеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі НТК арнасының TABOO бағдарламасына сілтеме жасап.
"Ерболат мені лақтырып кетті. 4 ай тегін жұмыс істедім. Күн сайын дайындыққа барасың, "Айыптама" әнін 3 сағат тыңдайсың, билейсің. Ол маған: "Дос, шыдай тұршы, мен саған студия ашып беремін. Бас хореограф боласың. Eaglez-дар көп қой. Олар келеді, сен үйретесің. Ақша көп болады. Мен саған сенемін", - деп айтты.
- "Беташарды бұзбаңдар": Ақтөбелік көрермен концерт кезінде сахнаға шығып, асаба Қабдолға ұрысып берді
Мен соған сеніп қалдым. Өзі алыс жерде еді. Күн сайын барып-келуге таксиге 2 мың теңге кететін. Тамағымды өзім алатынмын, жолыма өзім төлейтінмін. Сонда 4 ай тегін жұмыс істедім.
"Айыптама" әніне қойылым қойдым. Күнде бишілермен жұмыс істедік. A.Z мен Bala нашарлау билейтін, сол үшін олармен көп жаттығатынбыз. Zaq еңбекқор бала, бәрін алып шықты", - деп ағынан жарылды Усабаев.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”