AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова кіші келінінің туған күніне гауһар тасты әшекей сыйлады

Гүлзира Айдарбекова кенже келіні Жібекке бағалы сый жасады. Ол келінінің туған күніне гауһар тасты әшекей тарту етті. Елдің талқысына түскен сәттің видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жібек Қайратқызы бұл күні 27 жасқа толды. Келіншегі құрбысының үйінде қонақта отырғанда, Заңғар Нұртас оған тосынсый дайындаған. Жұбайына романтикалық хат жолдаған сері оны бірнеше мекенжай бойынша шақырып, ақырында өздері тұратын үйге алып келді. 



Ол жерде Заңғар анасы және достарымен бірге Жібекті меншікті мерекесімен құттықтады. Ал Гүлзира Айдарбекова кенже келініне гауһар тасты әшекей сыйлады. Көпшілік енесі мен келінінің арасындағы сыйластыққа қызығып қалды. 

"Бізге де осындай ене бұйырсын", – деп тілек білдірді жас қыздар.

Сондай-ақ Нұртас Айдарбеков келінін желіде құттықтады.

"Алланың маған берген бақтары, Жұлдызым бастаған топ өз орнымен келе жатқандай! Жібегім менің, жібектей болып алдымда жарқырап жүруіңе тілектеспін! Алла саған өмір берсін, қызым!" – деп ақжарма тілегін білдірді ол.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр