Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Әбдікәрімова: Мені күткен бір бақыт бар сияқты

Жұлдыз Әбдікәрімова желіде махаббатқа толы жазба жариялады. Актриса поэзия оқып, көпшілікті толғандырды. Оған жұбайы Қайрат Нұртас та өз көзқарасын білдірді.

Актриса желіде махаббат, бақыт тақырыбында өлең оқыды. 

“Өмір маған кейде тау сияқты,

Шыңына шыққым келеді.

Өмір маған кейде бір жау сияқты,

Аяққы жыққың келеді.

Өмір маған кейде бір бел сияқты,

Гүлдерін тергім келеді.

Өмір маған кейд бір шөл сияқты,

Сусын бергім келеді.

Өмір маған кейде бір от сияқты,

Жылысын алғым келеді.

Өмір маған кейде бір дос сияқты, 

Күнде көргім келеді.

Өмір маған кейде адал жар сияқты,

Еркелеткім келеді.

Мені күткен бір бақыт бар сияқты,

Ерте жеткім келеді.

Өмір маған кішкентай сәби сияқты,

Құшақтап  сүйгім келеді.

Өмір маған кейде шаттық сезім сияқты,

Мәз болып сүйгім келеді.

Өмір маған кейде бір өзі сияқты,

Өмір сүргім келеді”, – дейді ол.

Желі қолданушылары өз пікірін жазып жатыр. 

“Сені басқа қандай бақыт күтуі мүмкін,сенде бәрі барғой ең бақытты жансың сендей болу бізге арман”, “Бәрі болғанымен, байлар да жылайды дегендей, сырты жылтыр, іші түтін ғой. Отбасы ең маңызды, осындай кезде жарымен бірге жүрмегенде, қай кезде жүреді”, “Бұл күндерде өтер, тек бақыт тілеймін”, “Ішіңізде мұң бары байқалады. Бақытыңыз алда. Алла қаласа, бәріне жетесіз”, Керемет поэзия...Өмір сүру керемет,сүре білген адамға”, “Кереметсіз Жұлдыз ханым! Ана ретінде әйел ретінде өте керемет жансыз!”, – деп жазды олар. 

Қайрат Нұртас жүрек белгісін көрсетіп, сезімін білдірді. 

Талқылау