AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Беташарды бұзбаңдар": Ақтөбелік көрермен концерт кезінде сахнаға шығып, асаба Қабдолға ұрысып берді

Ақтөбеде концерт қойған "Меховая 8/1" тобы ыңғайсыз жағдайға тап болды. Концертке келген көрермен кештің бел ортасында сахнаға шығып, асаба, шоумен Қабдол Тілекке ұрысып берді. Ер адамға Қабдолдың беташарды жүргізу тәсілі ұнамай қалған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Беташарды бұзбаңдар! Неше түрлі әнге салып ашасыңдар, неге кезіндегі Біржан салдардың әуенімен ашпайсыңдар?! Жастарға қандай үлгі бересіңдер?! Қазір осылай жүре берсеңдер, ертең беташарды рэпке салып айтатындар шығады. Ол дұрыс емес", - деді ашуланған ер адам.

"Мұның концертке қатысы жоқ, артынан айтыңыз", деген жігіттердің жауабына көрермен тоқтамады. 

"Мен осы жерде айтқым келіп тұр, жастар отыр", - деді ол. 
Өз кезегінде Қабдол Тілеков айтылған сынға қатысты желідегі парақшасында пікір білдірді. 



"Іс сапармен, концертпен Ақтөбе қаласына Халықты қуанту мақсатында келдік, түсінбегенім концертте менің беташарымның не қатысы бар? Мақұл айтса да, бұндай халықтың алдына шығып айтып не керек? Көтерілем деген баланың бетінен қақпа, белін бу деген кезінде атам қазақ! Бұл сөзбен мен өзімнің өнерімді, беташарымды мақтап отқаным жоқ, барлық халыққа бірдей ұнау мүмкін емес, оны барлығымыз білеміз, мені шақыратын халық, ютубтан көріп, өздері тойларында қызмет еткенімді қалайды, мен ешқашан өзім хабарласып жармаспағанмын. 
Беташарды өзгертіп айтты дейтіндей, бұл жерде келінге ағылшынша өсиет айтпаппын, халыққа жағымды, арнайы ақын ағаларымызға сөзін жаздырып, қалай шырқасам да қазақтың қара домбырасымен, қазақтың қара сөзіменен келінге өсиет айтып, туған-туысқа таныстырып келем! Бұнымен айтқым келгені, егер де маған реніш болса, бұлай концертте емес, жеке шығарып алған дұрыс дегім келеді! Бұл ағамыздың айтқаны Хайып па әлде Айып па?

Сын көтере алатын жанмын, бірақ та бүгін бұл той емес, бұл концерт! Барша мені қолдайтын жандарға Алланың нұры жаусын",-  деп жазды ол.

Алайда елдің алдында шоу ұйымдыстарған ер адамның бұл әрекеті пранк болып шықты. Халықты сөзіне сендіре білген "көрермен" шын мәнінде актер болып шықты. 

"Кешіріңіздер. Бұл пранк. “ASSABA” production жігіттері, достарымыз ұйымдастырған пранк", - деп түсіндірді Қабдол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр